Қасым-Жомарт Тоқаев Кәрім Мәсімовтің баяндамасын тыңдады

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын алдында Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін атқару кезінде қаза болған мамандарының рухына арналған стелаға гүл қойып, ҰҚК орталық аппаратының 2017 жылы қайта жөндеуден өткен музейіндегі комитеттің даму тарихы туралы экспозицияны көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҰҚК музейінде
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР ҰҚК музейінде. Фото: Akorda.kz

Отырыс барысында Қазақстан Президенті ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің баяндамасын, комитеттің құрылымдық және аймақтық органдары басшыларының есебін тыңдады, — деп хабарлады Ақорда сайты.

Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚК кеңейтілген алқа мәжілісінде
Фото: Akorda.kz

Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында тапсырма берген.