Арафат Сәлімгерей Алматыдағы №146 мектеп-лицейдің 5-класын бітірді. Ол 3 жасынан бастап сурет салады. Ата-анасы ұлының cурет салуға деген қабілетін байқап, 1-класта арнайы үйірмеге апарады.

Арафаттың айтуынша, мұнда ол ұстазы Лада Гайновичтен көп нәрсе үйренген.

Үйірмеге тек бір жыл қатыстым. Аптасына 3-4 рет баратынмын. Өзім натюрморт, готика салғанды жақсы көремін. Ұстазым геометрия фигураларын қалай орналастыруды, көлеңке түсіруді, бірнеше бояуды араластырып, түстерді ойнатуды үйретті. Жылы және суық түстерді қалай үйлестіруді де үйрендім. Салған суреттерім жақындарыма ұнаса, ерекше қуанамын. Олардың жылы сөзі мені шабыттандырады, — дейді Арафат.

ef11ec3ad39b440c233c80e6d69be54f Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын
Арафат Сәлімгерей. Фото: Гүлім Еркінбек

Арафат республикалық көп сурет байқауында бас жүлдені жеңген. 2018 жылы Нұр-Сұлтанда ЮНЕСКО қолдауымен өткен The Planet of ART атты халықаралық көрмесіне қатысып, жеңімпаз атанған. Арафаттың «Мәңгілік ел» тақырыбына салған суреті «Шығармашылық планетасы» альбом жинағында жарық көрді.

Сонымен бірге Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Башқұртстан елдерінде өткен жас суретшілер байқауында 1-орынды иеленген.

Арафат бұл суретті жақында салған. Оған майлы бояу пайдаланған.

36d17aebae1c7c4bb2640a4c5b271f5b Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын

Оның айтуынша, әр адам жануарлар мен құстарға, айналадағы өсімдіктерге де қамқор болуы керек. Мейірімді жандар көбірек болса, табиғат та жапа шекпейді.

f2b3b86092f73dcabe58f52c757d3622 Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын

Мен Алматыда туып-өстім. Маған қаланың ерекше табиғаты шабыт сыйлайды. Әсіресе, қаланың күн батқан кездегі көрінісін салған ұнайды, — дейді жас суретші.

68f0cc87847c112279c5a868953fe05a Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын

Бұл — ою-өрнекпен безендірілген ыдыс-аяқ.

1a8186325b942cc1479e5205300d976e Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын

Төмендегі суретті Арафат әкесінің айтқан әңгімесі бойынша салып шыққан.

9acb66cd2e4062bf28dc85d8730851da Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын

Арафат ғарыш тақырыбында да сурет салады.

4009ab25c47f8dbe985bd6f0546d9279 Арафат Сәлімгерей: Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын

Суретті табиғат аясында салғанды ұнатамын. Қазіргідей карантин кезінде бұл мүмкін емес. Каникулда уақытты бос өткізбей, күнде сурет саламын. Қиялымдағы дүниелерді қағазға түсіріп жүрмін. Есейгенде аниматор болғым келеді. Мультфильм кейіпкерлерін салуды армандаймын, — дейді Арафат Сәлімгерей.