Басты бетҚоғамКоронавирустан 5...

Коронавирустан 5 адам қайтыс болды

Батыс Қазақстан облысында 1952 жылы туған әйел, Маңғыстау облысында 1942 жылғы әйел, Ақтөбе облысында 1962 жылы туған әйел адам, Ақмола облысында 1967 жылы туған ер адам, Шығыс Қазақстан облысында 1958 жылғы ер адам коронавирустан қайтыс болды.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия осы адамдарды коронавирус инфекциясынан қайтыс болды деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша коронавирустан барлығы 183 адам қайтыс болды.