Қазақстанның барлық тұрғындары саусақ іздерін тапсыруға міндеттеледі

2021 жылдан бастап елімізде міндетті дактилоскопиялық және геномдық тіркеу енгізіліп, барлық қазақстандыққа саусақ іздерін тіркеу міндеттеледі. Бас тартқандарға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл жөнінде Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов мәлімдеді. Ол Мәжілісте тиісті заң жобасын таныстырып, бұндай міндеттің тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, Қазақстанға келген шетел азаматтарына, еңбек мигранттарына және босқындарға да қатысы барын ескертті.

Саусақ іздерін тіркеу халықаралық тәжірибеде 100-ден астам мемлекетте бар. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыповтың айтуынша, бұндай тіркеуді енгізуге 37 млрд теңге қажет. Оған қажетті құрылғылар алынып, арнайы зертханалар жасақталады. Ал, ондағы ақпарат ІІМ мәліметтер қорында құпия сақталады.

Дереккөз24 Хабар