Басты бетҚоғамӘлеуметтік төлем...

Әлеуметтік төлем көлемі қысқармайды

Tengrinews.kz-тің хабарлауынша, министр осы жылы әлеуметтік төлемдердің көлемі артқанын айтты.

Жүктілікке, әйелдің босануына байланысты және баланың бір жасқа дейінгі күтіміне берілетін төлемдерді 825 мың адам алып келеді. Әлеуметтік төлемдер — үкімет үшін, мемлекет үшін әрқашан да ең маңызды міндеттердің бірі. Ешқандай дағдарысқа қарамастан ол қысқармайды, қайта ұлғайып келеді. Мысалы, жыл басында инфляцияға байланысты 5%-ке, кейін 1 сәуірден бастап тағы 5%-ке көбейді. Зейнетақыны да 2%-ке арттырып отырамыз. Сондықтын былтырға қарағанда қазір зейнетақы, жәрдемақыларымыз 10% көбейіп отыр. Оның ішінде зейнетақы 12%-ке көбейді, — деді Біржан Нұрымбетов.

Министр жұмыс істеп жүрген азаматтардың еңбек қабілетінен айырылған жағдайдағы төлемі 69%-ке, асыраушысынан айырылғандарға берілетін көмек 41% және жұмысынан айырылғандарға төлем 44% көбейгенін жеткізді. Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, былтыр 400 022 сәби дүниеге келген.

Сол кезде жұмыс істемеген 138 мың ана баласы 1 жасқа толғанға дейін 16-25 мың көлемінде жәрдемақы алған. Сәби дүниеге келген кезде берілетін тағы 106-175 мың теңгеге дейін бір реттік төлем бар, — деді ол.

Біржан Нұрымбетов «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» алған 232 мың адам барын айтты.