S&P агенттігі эксперттерінің пікірінше, рейтингілердің расталуы банктің капиталы мен өтімділік резерві қазіргі әлемдегі экономика құлдырауы кезінде COVID-19 пандемиясынан және мұнай бағасының төмендеуінен туындаған Қазақстандағы қолайсыз жұмыс ортасының қысымына төтеп беретіндігін байқатады.
ForteBank-тың өтімділігі тұрақты деп есептеледі, бұл оның балансында өтімді активтердің көп мөлшерде екенін көрсетеді. Оған қоса, ForteBank басшылығы жергілікті нарықты жақсы біледі деп санаймыз. Тиісінше, бұл басқару тәсілдері қолайсыз экономикалық жағдайда да банкті басқаруға көмектеседі, — дейді халықаралық ұйымның өкілдері.
ForteBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвилидің сөзіне қарағанда, қаржы мекемесінің ұжымы S&P эксперттерінің банкке деген сенімін көрсетіп, банктің рейтингін қазіргі деңгейде растағанына қуанышты.
Пандемияға байланысты құлдырай түскен нарықтық жағдайларға қарамастан ForteBank жоғары тиімділік пен оң қаржылық және операция нәтижелерін сақтап келеді. Қаржылық көрсеткіштер біздің клиенттеріміздің банкке деген сенімін айғақтайды. Forte тобы біздің клиенттеріміз күнделікті қолданатын жаңа цифрлық өнімдер мен қызметтерді жасау үшін үнемі ізденіс үстінде болады, — дейді басқарма төрағасы.