Forte жаңа қосымшасында біз мобайл қондырғының тұжырымдамасын толығымен өзгертіп қана қоймай, төлемдер мен аударымдардың әдепкі қызметін қайта безендіріп, жетілдіріп, оны цифрлық экожүйенің жаңа өнімдерімен және қызметтерімен жасақтадық. Қазір банктің мобайл қосымшасы — Forte цифрлық экожүйесінің негізгі кірісі, — дейді IT бөлімінің басшысы Нұрлан Сәрсебеков.

Нұрлан Сәрсебеков
Нұрлан Сәрсебеков. Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Мобайл қосымша арқылы тұтынушыларға бұрыннан таныс қызметтермен бірге тағы да жаңа өнімдер ұсынылған. Солардың бірі — ForteForex өнімі.

Forte командасы күнделікті өмірімізде жиі қолданылатын валюта айырбастау қызметін егжей-тегжейлі талдады. Біз сондықтан мүлдем ерекше тәсілді жүзеге асырғанымызға сенімдіміз. Өзге елді айтпағанда, Қазақстан нарығынан жеке тұлғаларға пайдалы мұндай шешімді көрген емеспіз, — дейді банктің қазынашылық бөлімінің басшысы Асыл Дәуітбаев.

Асыл Дәуітбаев
Асыл Дәуітбаев. Фото: ForteBank баспасөз қызметі

ForteForex сауда алаңы — банктің барлық клиенті валютаны өз бағамы бойынша сатып алуға және сатуға мүмкіндік беретін қосымша. Енді валюта айырбастау пунктері мен банктерден ең жақсы бағаны іздеудің қажеті жоқ. Қазір Forte клиенттері бір-бірімен делдалдарсыз, спрэдтерсіз және кез келген басқа шығындарсыз валюта сатып алады!

ForteForex толық автоматтандырылған сауда дүкені бізге клиенттермен келіссөздер жүргізуге және бір-бірімен мобайл телефонның экранында бірнеше рет келісім жасауға мүмкіндік береді. Платформадағы барлық транзакция толығымен құпия. Біз клиенттеріміздің бұл қызметке барынша риза болуы үшін 0 теңгелік комиссия құрдық, — деді Асыл.

Жаңа өнімнің пайда болуына орай банк барлық тұтынушысына арнайы курс түрінде тосынсый жасаған.

Ертең сағат 11.00-де ForteForex платформасына кіріп, бір сағат ішінде өзінің алғашқы өтінімін орналастырған кез келген адамға банк әрбір 100 долларын үйреніп қалған ескі бағаммен — 1 доллар үшін 388 теңгемен сатады, — деді FortеBank басқармасының төрағасы Гурам Андроникашвили.

Гурам Андроникашвили
Гурам Андроникашвили. Фото: ForteBank баспасөз қызметі

Тапсырыс беру үшін жаңа Forte қосымшасын (Google Play, App Store) жүктеп алуыңыз керек. Сосын басты беттегі ForteForex қойындысына өтіп, онда қысқаша жаттығудан кейін ең тиімді транзакцияны жасауға болады.

Таныстырылым соңында қатысушыларға ForteFamily компаниясы алдағы айларда басталатын, отбасының бүкіл мүшесіне арналған банк карталарының жаңа топтама ұсынысы туралы хабарлайды. Бұл жинақ пен ақшаны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Премиум GOLD немесе PLATINUM карталарын шығару арқылы жақындарыңыз бірдей карталарды ақысыз ала алады. Пакеттік ұсыныстың депозиттерге арналған ең тиімді тұстары да бар. Ата-аналар елдегі ең жоғары депозитке қол жеткізе алады. Сонымен қатар Forte қосымшасы арқылы коммунал төлемдерін жасап, 10-нан 100%-ке дейін сыйлық ретінде алуға болады. Банк сіз үшін соманың бір бөлігін төлейді.

forteday
Фото: ForteBank баспасөз қызметі

ForteFamily іске қосылғанда лотерея басталады. Forte картасымен транзакция жасайтын клиенттер арасында Toyota жаңа көлігі ойнатылады.

Тұсаукесердің барлық көрермені ішінде бүгін Forteweek.com сайтында деректерін қалдырғандарға банк Forte карталарында 6 ай бойы ақысыз қызмет көрсетеді.

Ертең — Forte Digital апталығының соңғы күні, өткізіп алмаңыз. Алда әлі көптеген қызық жаңалық пен оқиға бар!