Басты бетҚоғамГүлшара Әбдіқалықова...

Гүлшара Әбдіқалықова медицина қызметкерлері мерекесіне құтты болсын айтты

Сіздерді кәсіби мереке — Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі», — деген еді. Қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. Жылдан жылға осы саланың материалдық-техникалық базасы нығайып, әлемдік озық технологиялар мен телемедицина күнделікті қолданысымызға еніп отыр, — деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Оның айтуынша, Қызылорда облысында бүгінгі күні 23 стационар, 21 амбулатория емханасында 2 423 дәрігер, 9 528 орта буынды маман жұмыс істейді. Сала қызметінің сапасын жақсарту мақсатында «2019-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтау нысандарының өңірлік перспективалық даму жоспары» бекітіліп, жалпы құны 73,5 миллиард теңгеге заман талабына сай 118 нысан салу жоспарланды.

Облыс басшысы бірнеше ай бойы отбасынан жырақта жүрген, денсаулығын қатерге тігіп, қауіпті вируспен күресіп жүрген дәрігерлерге Сыр жұртшылығы атынан зор ризашылығын білдірді.

Денсаулық сақтау саласының тарихында аймақ медицинасының дамуына зор үлес қосқан ардагерлер көшін бастайтын дәрігерлер Ернияз Омарұлы, Тұрғанбай Маханұлы, Рая Әбдешқызы және тағы басқа аға буын өкілдерінің еңбегі бүгінде талайға үлгі.
Сыр дәрігерлері COVID-19 вирусымен күрес кезінде уақытпен санаспай, белгілі хирург Абдулла Сыздықұлы, халықтың құрметіне бөленген Шынжырбай Оразмаханұлы мен Жұқпалы арулар ауруханасының бас дәрігері АйнаҚарабұзауқызы және тағы басқа медицина мамандары ел амандығын сақтау жолында асқан жауапкершілік пен батырлықтың үздікүлгісін көрсетіп жүр. Облыс басшысы бірнеше ай бойы отбасынан жырақта жүрген, денсаулығын қатерге тігіп, қауіпті вируспен күресіп жүрген дәрігерлерге Сыр жұртшылығы атынан зор ризашылығымды білдіремін! — деді облыс әкімі.