Мамырда ұялы байланыс интернетінің жылдамдығы бойынша дүниежүзі рейтингінде Қазақстан 138 мемлекеттің арасынан 96-орынға ие болды. Бұл жағынан Оңтүстік Корея, БАӘ, Қытай, Катар мен Нидерланды көш бастады. Перу, Сирия, Кения мен Гондураста да мобайл интернет сапасы біздегіден жақсы болып шықты.
Қазақстан азаматтары Теле2, Altel, аctiv, Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларының интернетін пайдаланады. Бұлардың төртеуі «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қарайды.
Маусымның басында елімізде ұялы байланыс абоненттерінің саны 24 миллион болды. Бұл былтырғы осындай кезеңге қарағанда 5,6% аз. Дегенмен ұялы байланыс интернетін пайдаланушылардың қатары бір жылда 0,6% көбейген — 14,5 абонент. Абоненттердің жалпы санының 60,2%-і — ұялы байланыс интернетін пайдаланушы. Былтыр көрсеткіш 56,5%, 5 жыл бұрын 34,6% болған.
Қазақстанда әр 100 адамның 78-і ұялы байланыс интернетін пайдаланады.