Головкин vs Макгрегор: ұқсастықтары мен айырмашылықтары

«Салыстырмалы талдау жүргізе келе Головкин мен Макгрегордың бірнеше ұқсастықтары анықталды: екеуі де өздерінің соққы күшінен ләззат алады және оны жиі қолданады; Екеуі де қорғанысқа аз көңіл бөледі, бұл олардың қарсыластарының деңгейіне байланысты.

Айырмашылықтары да жоқ емес: Конор — Головкинге қарағанда көпшіліктің адамы. Ол өзінің беделін жарнамада жақсы қолданады.

Жанкүйерлері туралы айтатын болсақ, GGG — әлем халықтарының сүйіктісі, оның бокстау техникасын жақсы көрмеу мүмкін емес. Ал, Макгрегордың жанкүйерлеріне қарағанда хейтерлері көп. Оған Конордың қыңыр мінезі мен ринг сыртындағы сөздері себеп болып отыр» деп жазады портал.

Айта кетейік, UFC комментаторы Джо Роган өзінің бір сұхбатында Головкин Макгрегорға лайықты қарсылас бола алатынын айтқан еді. Жанкүйерлер болса, «GGG өзінің бір ғана соққысымен Макгрегорды орнына қоя алатынын» жарыса жазып жатыр.

Дереккөзsports.kz