Қызылорда облысында рейд кезінде 114 баланың заңды өкілі жауапқа тартылды

Қызылорда облысының білім басқармасы басшысы Ақзира Қасымованың айтуынша, оқу жылы аяқталысымен көп бала өздігінше ақша табуды қалайды. Дегенмен жұмыс берушілер мен ата-аналар кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын сақтауға міндетті. «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес» ұлттық ақпарат науқаны кезінде 264 нысан тексерілген.

Бала құқығын қорғауға арналған республикалық акция жыл сайын өтіп келеді. Биыл 12 күндік акция кезінде рейд жүріп, аудандардағы демалыс паркінде, орталық алаңда, көлік жуу орталықтарында, базарларда — барлығы 264 нысан тексерілді. Нәтижесінде 123 құқықбұзушылық хаттамасы толтырылса, оның ішінде ішкі істер органдарына әртүрлі құқықбұзушылық жасағандары үшін 121 жасөспірім жеткізілді, — деді Ақзира Қасымова Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, түнде үйінен аулақта жүрген 114 кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақзира Қасымова баласы түнде жұмыс істегені үшін ата-ананы жауапкершілікке тартуды күшейту керек екенін айтты. 

Оған қоса, бала еңбегін заңсыз пайдаланған, болмаса жасөспірімнің денсаулығы мен қауіпсіздігіне нұқсан келген жайттар кездессе, жақында облыстың әр ауданында психологиялық қолдау орталықтары ашылуы мүмкін.