Жасөспірімдер арасындағы қылмыс былтырғы қаңтар-сәуірге қарағанда 31,3% азайған. Биыл қылмыс жасағандардың 82,6%-і 16-17, 17,4%-і 14-15 жаста. Жауапқа тартылғандардың 60-сы — қыз бала.

655 жасөспірімнің 221-і еш жерде оқымайды, еш жерде жұмыс істемейді. 78-і қылмысты ересектермен бірге жасаған.

Жасөспірімдер қылмысы

Істі болғандардың 466-сы немесе 71,1%-і меншікке қарсы қылмыс жасаған. Оның дені (68%, 317 жағдай) — ұрлық, 68 дерек (14,6%) — тонау, 31 дерек немесе тіркелген қылмыстың 6,7%-і — алаяқтық.

Жасөспірімдердің 12,5%-і (82 жасөспірім) жеке адамға қарсы қылмысы үшін жауапқа тартылған. Оның ішінде 34,1%-і адам денсаулығына орташа ауыр деңгейде зақым келтірген, 29,3%-і кәмелетке толмағандармен жыныстық қатынас жасаған.

Жасөспірімдер арасында көп тіркелген тағы бір қылмыс түрі — қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті бұзу. Кәмелетке толмағандар 74 оқиға бойынша «Бұзақылық» бабымен жауапқа тартылған.

Жасөспірімдер қылмысы

Қылмыс жасаған жасөспірімдер саны Алматы облысында ең көп тіркеліп отыр: 63, былтырғы 4 айда 88 болған. Бұдан кейінгі орындарда Түркістан облысы (62, былтыр 90 болған) мен Шымкент (58, былтыр 63 болған) тұр.

Жасөспірімдер қылмысы

ҚР ІІМ ювенал полиция басқармасының басшысы Әсет Оспановтың мәліметінше, 2020 жылдың басында түрмелерде 42 жасөспірім болған.