Қызылорда облысында әлеуметтік маңызы бар өнім қоры жеткілікті

Қызылорда облысында 2 мың тоннаның заты сыятын көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды. Қор ретінде сатып алынған өнімдер осы қоймада сақталып жатыр. Бұл туралы баспасөз конференциясында облыстағы ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Сейілбек Нұрымбетов айтты. Қазір сауда орындары мен олардың қоймасында және тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар өнім қоры сақталып тұр.

Сауда орындары мен олардың қоймаларында және тұрақтандыру қорында 11 654 тонна әлеуметтік маңызы бар өнім қоры сақталып тұр. Оның ішінде «Байқоңыр» корпорациясының тұрақтандыру қорында 3 483,3 тонна өнім бар, — деді Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқарма басшысы Сейілбек Нұрымбетов.

Оған қоса, облыстар арасында жүк тасушы көліктер қатынап, көкөніс және басқа да азық-түлік өнімдері кедергісіз тасымалданып жатыр. Пияз, қырыққабат, картоп, сәбіз өнімдері отандық тауар өндірушілерден сатып алынып жатыр.