Басты бетЖаңалықтарАлматыда телеарнаның...

Алматыда телеарнаның 24 қызметкерінен COVID-19 анықталды

Бұл туралы Tengrinews.kz тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Qazaqstan телерадиокорпорациясының қызметкерлерін науқастармен жақын қарым-қатынас жасаған және қарым-қатынас жасауы мүмкін адамдар ретінде тексерген кезде ауру жұқтырған 24 адам анықталды. «Еуразия» бірінші арнасы» телеарнасының қызметкерлері де тексерілді, олар Qazaqstan телеарнасымен бір ғимаратта отырады. Олардан ауру жұқтырғандар анықталған жоқ, — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазақстанда кейінгі бір тәулікте коронавирусты 165 адам жұқтырғаны анықталғанын еске сала кетейік. Алматыда бір күнде 32 науқас тіркелді, өсім — 1,1%. Қалада барлығы 2 882 адам коронавирус жұқтырды, оның 1 875-і жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

Кеше Алматыда вирустың симптомы жоқ түрі 40 адамнан анықталды. Қалада мұндай науқастардың жалпы саны — 135. Қазақстанда барлығы — 1 357 адам.