Басты бетҚоғам"Атамекендік" түлектер...

«Атамекендік» түлектер Қорқыт Ата университетінде тегін оқиды

«Атамекен» балалар ауылында қазір 53 бала тұрады. Оның ішінде төрт бала биыл мектеп бітіреді. Осыған орай, университет ректоры мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, алдағы бірыңғай ұлттық тестілеуден сүрінбей өтуіне тілектес екенін білдірді.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 38 жас білім алып жатыр. Олар мемлекеттік, облыс әкімінің гранттары мен университеттің, көптеген компанияның қолдауымен тегін білім алып жатыр, ыстық тамақ ішеді. Мереке аясында «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылына бәріңізді мерекемен құттықтай келіп, соның ішінде мектеп бітіретін жас түлектерімізді қамқорлыққа алатынымызды жеткізгім келеді. Мектеп бітрушілердің 11-класты аман-есен аяқтап, алда тұрған Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілектеспін. Республикамыз бойынша бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үздіктер қатарынан көрінетін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенті атануға шақырамын, — деді университет ректоры.

Ауылдағы мектеп түлектеріне өздері таңдаған мамандық бойынша оқуға 4 жыл тегін білім алуға болатын сертификаттар табысталды. Оған қоса, университет қамқорлыққа алған балалар ауылындағы «Ақжайық» үйінің алты тәрбиеленушісіне Nur Otan партиясының «Тұран» филиалы мүшелерінің атынан ұлы ақын Абайдың 175 жылдығы аясында тарихи-танымдық кітаптар тарту етілді. Қорқыт Ата атындағы университет ұжымы жыл сайын «Атамекен» балалар ауылына келіп, балалармен түрлі мерекені бірге өткізіп келеді.