1. Ораза ұстаушылар ескере бермейтін 5 қате

ораза
Иллюстрация: Dribbble.com/©Catalyst

Биылғы ораза 24 сәуір мен 23 мамыр аралығында болды. Оразада денсаулыққа қатысты ескеретін маңызды мәселелер бар. Журналист, блогер Марфуға Шапиян оразада адамдар назар аудара бермейтін бес қатені айтты. Бұл — мамырда ең көп оқылған материал.

2. «Жүректі сақтайықшы. Өзіміздікін де, өзгенікін де». Журналист Бейсен Құранбектің жазғандары

Бейсен Құранбек
Бейсен Құранбек. Фото: 7-su.kz

18 мамырда журналист, тележүргізуші, ҚР мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек қайтыс болды. Ол шынайы бейнесімен, кісілік келбетімен, қарапайымдығымен көптің есінде қалды.

Бейсен Құранбек Facebook-парақшасына өмірден көрген-түйгенін жазып отырды. Baribar.kz марқұмның кейінгі 3 жылда жазғанын топтастырды. Мамырда бұл материал да көп оқылған.

3. Вокзалда сөмкесін бейтаныс адамға беріп кеткен қыздың хикаясы

"Сол бір адам"
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Baribar.kz «Сол бір адам» деген айдарды жүргізеді. Мұнда оқырман өзіне жақсылық жасаған беймәлім қайырымды адамдар туралы баяндайды.

Айдарда бұл жолы студент Жұлдыз Қажатова 2 жыл бұрын өзіне теміржол вокзалында көмектескен бейтаныс жігіт туралы айтып берді. Бұл да мамырда біздің портал оқырманына қызық болған топ-3 материалдың қатарында.

4. Ұйқы гигиенасы: адамның көп мызғуы нені білдіреді?

ұйқы, түс көру
Иллюстрация: Dribbble.com/©Folio Illustration Agency

5 күн жұмыс істеген соң сенбі-жексенбіде түске дейін ұйықтайтындар бар, карантин режимі кезінде көпшіліктің ұйқы режимі одан әрі бұзылды.

Сомнолог Әлия Байдәулетованың айтуынша, күнделікті нормадан артық ұйықтау денсаулыққа зиян. Ол ұйқы режимін қалай қалыпқа келтіруге болатынын айтты.

5. Мақтааралда топан судан зардап шеккендердің жай-күйі қалай?

Мақтаарал ауданы
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

1 мамырда Өзбекстанның Сырдария облысындағы Сардоба суқоймасы бөгетті жарып кетіп, тасыды. Бөгет бұзылғаннан кейін жайылған су Қазақстанның оңтүстігіндегі ауылдарға да жетті. Бірнеше ауылды су басты.

Baribar.kz тілшісі тасқыннан зардап шеккен азаматтармен сөйлесіп, жай-күйін білді. Бұл мамырда ең көп оқылған топ-5 материал қатарына кіреді.

6. Бүйрек ауруына шалдықпау үшін нені ескеру керек?

Бүйрек
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Порталымыздың «Сұрақ-жауап» платформасында бүйрек ауруларының емі туралы сұрап жататын оқырман бар.

Baribar.kz кез келген адам ауырғанда дәрігерге баруы керек екенін ескертеді және нефролог Назым Жұмағұловадан бүйректі кеселден сақтау үшін нені білген маңызды екенін сұрады.

7. Карантинде өкпесі ауыратын адамдар қалай күтінуі керек?

өкпе ауруы
Иллюстрация: Dribbble.com/©Lakoni

Коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин кезінде адамдарға себепсіз көшеде жүруге, қыдыруға тыйым салынды. Мұндай кезде өкпесі ауыратын адамдарға қиын. Себебі олар таза ауада жиі серуендеуі керек.

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының инфекция емес аурулардың алдын алу бөлімінің басшысы Бибігүл Бекібаева карантин кезінде өкпесі ауыратын адамдар денсаулығын қалай күтуі керек екенін айтты.

8. Коронавирус туралы ақпараттың қайсы рас, қайсы өтірік?

коронавирус, пандемия
Иллюстрация: Dribbble.com/©Vignesh Sevudoss

Дүниежүзінде коронавирус пандемиясының басталғанына бірнеше ай болып, ол туралы ғылыми негізді әрі ресми мәлімет жүйеленгеніне қарамастан қоғамда инфекцияға қатысты жалған ақпарат толастар емес. Сіз коронавирусқа қатысты кең тараған ақпараттың рас-өтірігін ажырата аласыз ба? Осы жөнінде тест дайындадық.

9. «Күні-түні жұмыста». Медбикелердің қажырлы еңбегі туралы

Коронавирус пандемиясы туралы иллюстрация
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

12 мамыр — Медбикелердің халықаралық күні. Baribar.kz медбикенің жұмысы, олар кездесетін проблемалар туралы мамандардың өзінен сұрап, материал дайындады.

10. Мектеп бітіру кешін көрмейтін биылғы түлектер қандай көңіл-күйде?

соңғы қоңырау, мектеп түлегі
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Биыл 1-10-класс оқушылары соңғы қоңырау салтанатына онлайн қатысты. Түлектерге мектеп қоңырауы 3-4 маусымда бөлек соғылып, аттестат беріледі.

Мектепті 2020 жылы бітіретін буын түлектер кешін ұйымдастыра алмайды. Бұл жайт орта білім алуды аяқтап жатқан жастардың көңіліне сәл қаяу түсірді, дегенмен олар қазір ҰБТ-ға, мектептен кейінгі өмірге, жоғары білім алуға көбірек көңіл бөліп отыр. Baribar.kz тілшісі биыл мектеп бітірген 11-класс оқушыларының дәл қазіргі көңіл-күйін білді. Бұл ең көп оқылған топ-10 материалдың қатарында.