Журналистерге Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығы беріледі

Жеңімпаздарды марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады.

Сыйлықтың мақсаты — БАҚ-та шеберлігімен көзге түскен жазба және электрон баспасөз құралдарында жұмыс істейтін жас тілшілерді қолдау, Қазақстан журналистикасының дамуына серпін беру және журналист Бейсен Құранбектің жарқын бейнесін есте қалдыру.

Сыйлық төрт номинация бойынша беріледі:

— әлеуметтік тақырыптағы үздік телевизия сюжеті;

— әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала;

— әлеуметтік тақырыптағы үздік материал (әлеуметтік желі);

— әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет.

Байқауға телевизия, баспа, интернет журналистиканың және  фотосуретшілер, жаңа медиа (әлеуметтік желілер) саласының кәсіби және кәсіби емес жас журналистері (18-35 жас аралығы) қатыса алады.

Байқау үздіктерін арнайы құрылған қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына еліміздің медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар, журналистер, қоғам қайраткерлері кіреді.

«Жігер» сыйлығына өтініш 2020 жылдың 26 мамыр мен 15 маусым аралығында Mdq.kz сайтында қабылданады. Сыйлыққа қатысты толық ақпаратты (қатысу ережесін) «Медиа дамыту қоры» корпоратив қорының ресми сайтынан (Mdq.kz) білуге болады.