Сәуірдің соңында елде 1,2 миллионға жуық жеке кәсіпкер тіркелген, оның жұмыс істеп жатқаны — 1,1 миллион. Былтырғы сәуірдегі мәліметке қарағанда жеке кәсіпкерлердің жалпы саны б3,3%, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлік саны 0,6% азайған.

Жеке кәсіпкерлік

Бір жыл ішінде сауда, автокөлік пен мотоцикл жөндеу саласындағы жеке кәсіпкерлер саны 7,9%, көлік және қойма бизнесімен айналысушылар саны 7,7%, жылжымайтын мүлік операцияларымен айналысатын жеке кәсіпкерлер саны 6,6% азайған, мамандар бизнестің бұл салалары карантин салдарынан көп зардап шекті деп отыр.

Тұтас алғанда, жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерліктің жартысынан астамы дағдарысқа көбірек ұшыраған сауда, автокөлік пен мотоцикл жөндеу (349,8 мың) және ауыл, орман және балық шаруашылығы сфераларына тиесілі — (237,3 мың).

Жеке кәсіпкерлік

Қазақстанда жұмыс істеп жатқан жеке кәсіпкерлердің көбі Түркістан облысында — 132,7 мың, одан кейінгі орындарда 118 мың жеке кәсіпкері бар Алматы мен 109,2 мың жеке кәсіпкері бар Алматы облысы тұр.

Республика бойынша бір жыл ішінде Шығыс Қазақстан (9,3%), Қостанай облыстарында (6,1%) жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер саны ең көп азайған.

Жеке кәсіпкерлік