Астанада бірқатар көшенің атауы өзгерді

Енді Елордадағы «Алматы» ауданында Хусейн бен Талал көшесі пайда болады. Ол бұрын 23-17 деп аталған. Ал бұрынғы 23-31 көше қазір Кенен Әзірбаев атымен аталады. Сондай-ақ, төмендегі бірқатар көшелердің атауы өзгерді:

  • А19 -Темірбек Жүргенов атындағы көше;
  • Хусейн бен Талал көшесі -Ұлы Дала даңғылы;
  • Иван Панфилов атындағы көше — Сәкен Жүнісов көшесі;
  • А193 көшесі Бейімбет Майлин көшесімен біріктірілді;
  • Еңбекшілер көшесі №36 көшемен біріктіріліп, Әлихан Бөкейханов даңғылы деп аталады.

«Есіл» ауданында жобалық атаулары ғана болған 10 көшеге жаңа атаулар берілді. Солардың бірі  Е10 көшесі Орынбор көшесі деп аталады. Одан басқа, сол жағалауда Нияз би, Нұрпейіс Байғанин, Сұлтанбек Қожанов, Қайым Мұхамедханов, Никола Тесла, Рабиға Есімжанова, Саттар Ерубаев, Ханшайым Сүйінбике және Бұқар жырау есімдерімен аталатын көшелер пайда болды.

Әділет органдарында тіркелген соң он күн өткен соң бұл шешім күшіне енеді. Демек, елорда тұрғындары мен қонақтары қалада адаспас үшін көшелердің жаңа атауларын біліп алу қажет.

ДереккөзAstana.gov.kz