Басты бетҚоғамШиелі ауданында...

Шиелі ауданында арнаулы әскери жасаққа алынғандар марапатталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданында төтенше жағдай кезіндегі тиісті шараларды жүзеге асыру үшін АҚІЖБ-не 60-қа жуық азамат өтініш білдірген. Олардың қатарынан әскери борышын өтеген 24 ерікті әсери міндеттілер іріктеп алынды.

Арнайы әскери жасаққа алынған азаматтар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау және қамтамасыз ету үшін Шиелі кентінің көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жаяу патрульдеу жұмыстарына қатысты.

Арнайы жиынға негізінен 35 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар алынып, мемлекет есебінен 42 500 теңгеден төленді.

Арнайы жасақталған сарбаздар қажет киіммен, уақытылы үш мезгіл ыстық тамақпен және медициналық маска, қолғаппен, антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілді.

Аудан әкімі Қамбарбек Амангелдіұлы аға ұрпақтың ерлік эстафетасын абыроймен жалғастырып, аудан көлеміндегі төтенше жағдайға сәйкес тиісті шараларды жоғары дәрежеде атқарған 24 сарбазға және Қызылорда облысының Шиелі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне ерекше алғысын білдіріп айтып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.