Басты бетЖаңалықтарҚасым-Жомарт Тоқаев...

Қасым-Жомарт Тоқаев Австралия мен Филиппинге елші тағайындады

Тиісті жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.

Президент жарлығымен Қазақстанның Индонезиядағы төтенше және өкілетті елшісі Данияр Сарекенов енді Филиппиндегі елші қызметін қоса атқарады.

Сонымен бірге Сингапур мен Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елші қызметін қоса атқарған Аркен Арыстанов тағы бір мемлекетке елші болды.

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Австралия Одағындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды, — делінген хабарламада.