Емделушілердің емі толық аяқталған соң екі рет тест сынамасы алынды. Сынама нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетуіне орай, яғни науқастар COVID-19 вирусынан айығуына байланысты ауруханадан үйіне қайтарылды.
Індетті жеңген 3 науқас та — Қызылорда тұрғыны.
Емделушілер алдағы уақытта 14 күн бойы аймақтық дәрігерлер бақылауында болады.
Осы күнге дейін өңірде індеттен айығып шыққандар саны — 219:
Қызылорда — 80;
Арал ауданы — 6;
Қазалы ауданы — 3;
Қармақшы ауданы — 5;
Сырдария ауданы — 26;
Шиелі ауданы — 66;
Жанакорған ауданы — 31 және өзге мемлекеттер мен өңірлердің азаматы – 2 (Алматы — 1, Ресей федерациясы — 1).