Басты бетЖаңалықтарАсқар Жүнісбек...

Асқар Жүнісбек ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» кәсіпорны басшысы болды

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры болып Асқар Жүнісбек тағайындалды. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Жүнісбек Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облысындағы Қоғалы орта мектебінде математика және информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ақпаратты қорғау және киберқылмыстың алдын алу бағыты бойынша түрлі лауазымды қызмет атқарды. 2013 жылдан бастап «Мемлекеттік техникалық қызмет» кәсіпорны директорының бірінші орынбасары болып істеді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» кәсіпорнын Ержан Біржанов басқарды.

Мемлекеттік техникалық қызмет ақпараттық кеңістік пен байланыс инфрақұрылымын дамыту және қорғау саласында жұмыс істейді.