Гүлшара Әбдіқалықова Қармақшы ауданының дамуына байланысты мәжіліс өткізді

Облыс басшысы ең бірінші ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына байланысты мәжіліс өткізіп, аудан басшылығына бірқатар тапсырма жүктеді.

Одан кейін Жаңажол ауылдық округіндегі көктемгі егіс науқанының дайындығымен танысады.

Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ІІІ Интернационал ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысады деп жоспарланып отыр.