1 мамырда

Ұлыбританияның комедия жанрындағы «Талпыныс» (Не с первой попытки/Trying) атты сериалы шықты. Туынды балалы болғысы келетін жұп туралы. Режиссеры — Джим О Хенлон.

2 мамырда

Американың «Бетти» (Betty) деген сериалы жарық көрді. Комедия жанрындағы сериалды режиссер Кристал Мозелл түсірді. Сонымен қатар мамырда режиссер Джеффри Блитц түсірген «Жүктеу» (Загрузка/Upload), Райан Мерфи мен Иэн Бреннанның «Голливуд» (Hollywood) сериалы шықты. «Жүктеу» фантастика жанрында болса, «Голливуд» — тарихи драма.

4 мамырда

Брайан Коппельман, Дэвид Левиен және Эндрю Росс Соркиннің «Миллиардтар» (Миллиарды/Billions) сериалының фанаттары үшін жағымды жаңалық. Драманың бесінші маусымы басталды.

"Миллиардтар" сериалы
«Миллиардтар» сериалы. Фото: Еlle.ru

8 мамырда

«Беймәлім аймақ» (Слепая зона/Blindspot) атты криминал драманың бесінші маусымы жарық көрді. Режиссеры — Мартин Джеро. 8 мамырда Испанияның «Валерия» (Valeria) атты драма жанрындағы сериалы да шықты. «Валерияны» Инма Торренте мен Нели Регера түсірді.

9 мамырда

Мамырдың басында комедия жанрындағы сериалдар көп шығып жатыр. Солардың бірі — Кэт Койро, Гита Патель мен Эми Йорк Рубиннің «Мен үшін өлі» (Мертв для меня/Dead to Me) комедиясының екінші маусымы. Бұл күні фантастика жанрындағы «Күннің қарсы беті» (Солнечные противоположности/Solar Opposites) анимациялық сериалы мен «Эдди» (Водоворот/The Eddy) мюзиклы да жарық көрді. «Эддиді» режиссер Дэмьен Шазелл Парижде түсірді. Ол — 2017 жылы төрт «Оскар» жүлдесін алған «Ла-ла-ленд» мюзиклының  да режиссеры.

12 мамырда

Режиссер Сюзанна Бирдің «Шегініс» (Отыграть назад/The Undoing) драмасында өмірде жетістікке жеткен әйелдің оқиғасы баяндалады. Басты рольді Николь Кидман ойнайды. Сонымен қатар бұл күні «Бұның рас екенін білемін» (Я знаю, что это правда/I Know This Much Is True) сериалы жарық көрді. Режиссеры — Дерек Сиенфрэнс.

13 мамырда

«Үшінші күн» (Третий день/The Third Day) деп аталатын драма жанрындағы туынды көрерменге ұсынылады. Сериалды Америка мен Ұлыбритания түсірді.

15 мамырда

Драма, детектив, мистика. Испания мен Ұлыбритания  бірігіп, «Ақ сызықтар» (Белые линии/White Lines) деген сериал түсірді. Режиссерлары — Ник Хэмм, Луис Прието, Эшли Уэй. Ресейдің «Ұлы» (Великая/The Great) тарихи драмасы да 15 мамырда шығады. Сериалды Игорь Зайцев түсірді.

"Ақ сызықтар" сериалы
«Ақ сызықтар» сериалы. Фото: Theversion.co

18 мамырда

«Кайфтаун» (Hightown) қылмыстық драмасын үш бірдей режиссер түсірді: Игл Эгилссон, Рэйчел Моррисон және Дэйв Родригес. Джош Фридменнің постапокалиптика жанрындағы «Қар бұзған» (Сквозь снег/Snowpiercer) сериалының премьерасы да 18 мамырда.

20 мамырда

Драма, фантастика, фэнтези, боевик — Американың «Старгерл» (Stargirl) сериалында бәрі бар. Көрермен сериалды 20 мамырдан бастап тамашалай алады.

21 мамырда

Фантастика жанрындағы «Жүздік» (Сотня/The 100) сериалының авторлары көрерменге туындының жетінші маусымын ұсынады. Олардың айтуынша, сериал осы маусыммен аяқталады.

23 мамырда

«Үйге оралу» (Возвращение домой/Homecoming) сериалының екінші маусымы жарық көреді. Режиссеры — Сэм Эсмейл. Туынды Америка сарбаздарының қоғамға бейімделуі туралы.

"Үйге оралу" сериалы
«Үйге оралу» сериалы. Фото: Іndiewire.сom

26 мамырда

National Geographic «Кемеңгер» (Гений/Genius) тарихи драмасының үшінші маусымын америкалық әнші Арета Франклинге арнайды. Режиссеры — Биллер Кеннет.

28 мамырда

«Қ.А.Л.Қ.А.Н. агенттері» (Агенты Щ.И.Т./Agents of S.H.I.E.L.D.) — драма, фантастика, боевик. Бұл — сериалдың соңғы, жетінше маусымы. 28 мамырда мелодрама жанрындағы «Жеке өмір» (Личная жизнь/Love Life) атты сериал да көрерменге ұсынылады.

30 мамырда

«Орталық парк» (Центральный парк/Central Park) — Американың анимациялық фильмі. Мамырдың соңында «Ғарыш әскері» (Космические войска/Space Force) сериалы да шығады.