Көктемнің соңғы айында елдің көп өңірінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, оңтүстік-батыста нормадан аз, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нормадан көп түседі.
Үсік әдеттегідей айдың бірінші жартысында оңтүстікте, айдың соңына қарай солтүстікте соңғы рет болады. Солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнгі мезгілде ызғар болуы ықтимал, — делінген «Қазгидромет» мамандарының хабарламасында.
Айдың алғашқы күндеріндегі ауа райына Орталық Азия аудандарынан келетін жылы ауа массасы ықпал етеді, бірақ фронтал таралымдардың әсерінен республиканың кей жерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында екпіні секундына 15-25 метрге дейін жететін жел соғып, бұршақ аралас күшті жаңбыр жаууы мүмкін. Елдің басым бөлігінде күндіз 18-25 градус жылы, солтүстік-батыстың кей жерінде 15 градус жылы, оңтүстік-батыста және оңтүстікте 25-30 ыстық болады.
3-5 мамыр аралығында Кар теңізінен суық антициклон келіп, еліміздің солтүстік-шығысында қарға ұласатын жаңбыр жауады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы төмендейді: солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 3 градус пен 5 градус жылы аралығында болады, күндіз 7-12 градус жылы болады, оңтүстік-шығыста сынап бағанасы 2-10 градус жылыны, күндіз 15-23 градус жылыны көрсетеді. Оңтүстік-батыста Иран аумағынан келетін жылы ауа массасының әсерінен 25-33 градус ыстық болады.
Бірінші онкүндіктің екінші жартысында оңтүстік-батыстан жылу республиканың қалған аймақтарына ығысады да, елдің көп бөлігінде жауын-шашын басылады, температура фоны жоғарылайды. Екінші және үшінші онкүндіктерде ауа райы құбылмалы болады: екпінді жел соғып, найзағай ойнайды, бұршақ аралас жаңбыр жауады, күн суиды: солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда температура түнде 3 градус аяздан 5 градус жылы аралығында болады, күндіз 10-15 градус жылы болады, батыс пен оңтүстік-батыста түнде 5-13 градус жылы, күндіз 13-21 градус жылы болады.
Дегенмен екінші және үшінші онкүндіктерде ыстық күндер де көп болады деген болжам бар: республиканың солтүстік бөлігінде күндізгі ауа 20-28 градус жылыға дейін көтеріледі, оңтүстікте 25-33 градусқа дейін қызады, — дейді синоптиктер.