Қазақстанның көп бөлігінде қарға ұласатын жаңбыр жауады

Олардың мәліметінше, Қазақстанның көп бөлігіне солтүстік циклон жырасы ықпал етеді.

Соған байланысты алдағы күндері қарға ұласатын жаңбыр жауады.

Кей жерде жаңбыр толассыз жауады, еліміздің солтүстік бөлігінде күшті, екпінді жел соғады. 23 сәуірде кей жерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Содан кейін циклонның артынан суық антициклон келеді, ол жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне себеп болады, — деп хабарлады синоптиктер.

23-24 сәуір күндері Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жаңбыр, қар, бұршақ жауады. Екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Облыстың солтүстік-батысында 3 градус ызғар болады.

24 сәуірде Ақтөбе облысында, 24-25 сәуір күндері Қостанай облысының кей жерінде жаңбыр, қар жауады, дауыл тұрады, жел екпіні секундына 23 метрге жетеді, 3 градус ызғар болады.

23 сәуірде Ақмола облысының кей жерінде найғазай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауады, жел екпіні секундына 23 метрге жетеді.

23 сәуірде Нұр-Сұлтанда найғазай ойнайды, дауыл тұрады, бұршақ жауады. Жел екпіні секундына 15-18 метрге жетеді.

23 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерінде найзағай ойнайды, екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.