Пандемиямен күрес: Алматы облысында 85 мыңнан аса көлік залалсыздандырылды

2020 жылдың 21 наурызынан бері 86 424 автокөлік залалсыздандырылды.

Талғар ауданында 3 УАЗ дезинфекциялау автокөлігімен 21 маман қызмет етіп жатыр. 21 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін жиыны 14 208 автокөлік залалсыздандырылды.

Іле ауданында 6 УАЗ дезинфекциялау автокөлігімен 56 маман қызмет көрсетіп жатыр. 21 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін жиыны 29 711 автокөлікке дезинфекция жасалды.

Қарасай ауданында 4 УАЗ дезинфекциялау автокөлігімен 26 маман қызмет етіп жатыр. 21 наурыздан бастап 7 сәуірге дейін барлығы 39 266 автокөлік залалсыздандырылды.

Жамбыл ауданында 2 наурыздан 7 сәуірге дейін 638 автокөлікке дезинфекция жасалды. Мұнда бір УАЗ дезинфекциялау автокөлігімен 4 маман қызмет көрсетеді.

Қаратал ауданында осы уақыт аралығынан бері бір УАЗ дезинфекциялау автокөлігімен 7 маман қызмет етіп жатыр. Жиыны 826 автокөлік залалсыздандырылды.

Кербұлақ ауданында 6 маман қызмет көрсетеді. 2 наурыздан 7 сәуірге дейін портатив дезинфекция қондырғылары арқылы 800 автокөлік залалсыздандырылды.

Панфилов ауданында бір УАЗ дезинфекциялау автокөлігімен 12 маман қызмет атқарып жатыр. 2 наурыздан 7 сәуірге дейін барлығы 975 автокөлікке дезинфекция жасалды.

Сонымен қатар аудандар мен қалаларда осы күнге дейін жалпы алаңы 130 958 шаршы метрге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына — 55 411 шаршы метр, аялдамалар — 9 734 шаршы метр, базарлар — 19 178 шаршы метр, автотұрақтар — 5 100 шаршы метр, ойын алаңдары — 10 635 шаршы метр, аллеялар — 6 510 шаршы метр, тротуарлар — 12 185 шаршы метр, саябақтар — 4 035 шаршы метр, теміржол станция перондарында — 6 000 шаршы метр, ауыл округтерінде — 2 170 шаршы метр.