Басты бетЖаңалықтарҚазақстан халқының...

Қазақстан халқының бірлігі күні ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, мереке күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына тез өзгеретін атмосфера процестері ықпал етеді.

Еліміздің солтүстік және оңтүстік өңірлеріне циклон әсер етеді, сол себепті кей жерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Ал республиканың батысына Қара теңіз аудандарының антициклоны әсер ете бастайды, ол шығысқа қарай ауып, республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының сәл төмендеуіне себеп болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Синоптиктер бұған дейін сәуірдің соңғы күндері ауа райы жайсыз болатынын хабарлаған еді.