Төтенше жағдайдағы ораза: антисептик қолдануға бола ма?

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы коронавирустан қорғану үшін антисептик пен спирт қолдану оразаны бұзбайтынын мәлімдеді.

Жоқ, Алла қаласа, бұзбайды, әрине. Қазір таңда біз төтенше жағдайдамыз. Ол жай жағдай емес. Төтенше жағдайда денсаулықты сақтау үшін қолданылатын құралдарды шариғат қолдайды, – деді бас мүфти.

Биыл Рамазан айы сәуірдің 24-інде басталады. Мамырдың 20-сына қараған түн – қасиетті Қадір түні.