Бұған дейін 489 адам ауруханадан шыққан болса, 22 сәуірде шұғыл штаб тағы 16 адам инфекциядан айыққанын хабарлады. Олар Шымкенттен және Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарынан.

Қазіргі кезде Қазақстанда бұл жұқпалы аурудан барлығы 505 адам жазылғаны белгілі болып отыр. Коронавирустан айыққандар саны жөнінен еліміз бойынша Нұр-Сұлтан алда тұр — дәрігерлер 205 пациентті инфекциядан арылтты. Алматыда аурудан жазылғандар саны — 88. Вирустан құтылғандар саны жөнінен үздік үштікке Атырау, Қызылорда облыстары кіреді. Қостанай, Павлодар облыстарында бір-бір науқас қана жазылып отыр:

Нұр-Сұлтан — 205;

Алматы — 88;

Атырау облысы — 29;

Қызылорда облысы — 29;

Солтүстік Қазақстан облысы — 25;

Жамбыл облысы — 24;

Ақмола облысы — 19;

Қарағанды облысы — 19;

Түркістан облысы — 18;

Шымкент — 17;

Ақтөбе облысы — 10;

Алматы облысы — 9;

Шығыс Қазақстан облысы — 5;

Маңғыстау облысы — 4;

Батыс Қазақстан облысы — 2;

Қостанай облысы — 1;

Павлодар облысы — 1.

Қазақстанда коронавирус инфекциясы анықталған адамдардың жалпы саны қазіргі кезде 2 047 болып тұр.