«Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының онлайн ертегісі

Жобаға «Нартайдың бүлдіршіндері» қуыршақ тобының артистері қатысады. Күн сайын әртүрлі ертегі алдын ала түсіріліп, театрдың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланады.

«Онлайн ертегі» жобасының режиссеры — Күләш Жанмұратова. Өзінің қызы да «Шабыт» уиверситетін қуыршақ театрының артисі мамандығын бітірген. Бұл жобаны режиссер қызымен бірге екеуі жүргізеді. Онлайн ертегі «Күләш әжейдің ертегілері» деп аталады. Эфирге шыққанына үш күн ғана болса да, балалар, ата-аналар арасында үлкен сұранысқа ие болып отыр, — дейді театртанушы Ұлбосын Қылышбаева.

Онлайн ертегі күнделікті 21.00-де театрдың әлеуметтік желідегі барлық парақшасында жарияланады.