Министрдің айтуынша, әлеуметтік төлем азаматтарға қаншалық заңды берілгенін ешкім тексермейді.
42 500 теңге алған бір де бір адам, ол қателесіп өтініш берсе де, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осыған тоқтайық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл — әлеуметтік төлем. Ешкімді тексермейміз, ешкімнің үйіне бармаймыз. Ештеңеге алаңдамаңыз, олар сізге ақша төледі — оны алыңыз, жұмсаңыз. Тексерер болса, бізді тексереді, — деді Біржан Нұрымбетов.
Оның мәліметінше, 42 500 теңге бүгінге дейін 3 миллион 690 мың азаматқа төленген. Министр әлеуметтік төлем азаматтың жеке куәлігінің мерзімі өткен жағдайда да берілетінін айтты. Сонымен бірге 42 500 теңгені төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ресми түрде жұмыс істеген зейнеткерлер де ала алады. Төлем зейнеткер Әлеуметтік сақтандыру қорына аударым жасамаған болса да, тиесілі.