Қызылорда облысының 99 мыңға жуық тұрғыны әлеуметтік жәрдемақы алды

Қызылорда облысының 200 мыңнан астам тұрғыны 42500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы алуға өтініш берді. Оны қазіргі уақытта шамамен 99 мың азамат алды. Бұл туралы Қызылорда облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.

Басқарма басшысының айтуынша, берілген 200 мыңнан астам өтініштің шамамен 97 мыңы деректің дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылды.

Табысынан айырылғандарға жәрдемақы төлеу үшін бюджеттен 4 миллиард 185 миллион теңге бөлінді.