Басты бетЖаңалықтарАлматы полицейлері...

Алматы полицейлері лифт түймесіне түкірген адамды жауапқа тартты

Алатау ауданы полицейлері іс-әрекеті видеоға түсіп қалған адамды тапты.

Ер адамның теріс әрекеті «Алатау сити» тұрғын үй кешенінің кіреберісіндегі лифттің видеобақылау камерасының объективіне түсті. Кім екені анықталып, полицияға жеткізілді және ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабы («Ұсақ бұзақылық») бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Іс материалдары шешім шығару үшін сотқа жіберілді, — деді Алатау ауданы полиция басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Өмірсеріков.

Ұсақ бұзақылығы үшін жауапқа тартылып отырған тұрғын қатты өкінетінін айтып, халықтан кешірім сұрады.

Ашулы күйде лифт түймелеріне қақырып жібердім. Осыған байланысты бәрінен, әсіресе тұрғын үй кешенінің тұрғындарынан кешірім сұраймын, — деді А. есімді тұрғын.

Алматыдағы «Алатау сити» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйлердің бірінде ер адам лифт түймелеріне түкіргенін әлеуметтік желі қолданушылары наурыздың соңында хабарлаған еді. Видеодағы әрекет көптің ашу-ызасын туғызды.