Басты бетЖаңалықтарПавлодарда коронавирус...

Павлодарда коронавирус жұқтырған адам қайтыс болды

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған екі адам анықталды және олардың біреуі қайтыс болды.

Мемлекеттік комиссия шұғыл штабының хабарлауынша, Павлодардың 1936 жылғы тұрғыны, ер адам 8 сәуірде «ауруханадан тыс орташа ауыр полисегментар пневмония, өкпенің созылмалы обструктив ауруы» диагнозымен ауруханаға түскен. Келесі күні анализ оның коронавирус жұқтырғанын көрсетті. Пациент 2016 жылдан бері «бронх демікпесі», «өкпенің созылмалы обструктив ауруы», «жүректің ишемия ауруы», «күретамырдың үшінші дәрежелі гипертензиясы» және «терінің қатерлі ісігі» диагноздарымен есепте тұрған.

Коронавирус инфекциясы анықталған екінші адам — 1981 жылғы азамат. Оның жағдайы жақсы.

Бұған дейін Павлодар облысында бір ғана науқас болған еді және 9 сәуір күні оның аурудан айыққаны хабарланды.

Еске салайық, мұның алдында Ақмола облысында коронавирустан 1929 жылғы әйел адам қайтыс болды.