Жасөспірім Алматыдағы үйлердің бірін жарып жіберетінін хабарлаған

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама келгеннен кейін қаланың барлық шұғыл қызметі дереу айтылған мекенжайға барып, саперлардың көмегімен ғимаратты тексерді: жарылатын не басқа зат табылған жоқ.

Ақпарат расталған жоқ. Оны жазған адам жедел іздестіру шарасының алғашқы сағаттарында-ақ анықталды, ол жоғарыда аталған үйлердің бірінің 14 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Жасөспірім жасаған әрекетін мойындап, хабарламаны бұзақылық ниетпен таратқанын айтты. Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 273-бабы — «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бойынша тіркелді. Қылмыстық істі біздің департаменттің тергеу басқармасы жүргізіп жатыр, — деді Алматы полиция бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Берік Әбілбеков.

Полиция өкілдері терроризм актісі туралы жалған ақпарат таратқандарға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілетінін ескертті.