Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтанда қай...

Нұр-Сұлтанда қай жастағы адамдар коронавирусты көп жұқтырған?

8 сәуірдегі сағат 12.00-дегі мәлімет бойынша астанада 222 науқас емделіп жатыр. Оның 46%-і — ерлер, 54%-і — әйелдер.

18 жасқа дейінгі балалар — жеті адам;

18-29 бен жас аралығындағылар — 59 адам;

30-49 жас аралығындағылар — 95 адам;

50 жастан асқандар — 37 адам;

60-69 жас аралығындағылар — 21 адам;

70-тен асқандар — 3 адам. 

Сәуле Қисықованың хабарлауынша, 10 науқас — Ақмола облысының тұрғыны. Қазір пациенттердің бесеуі ауыр халде. Үшеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғаны анықталған адамдардың ішінде 31-і — карантин мекемелерінде жұмыс істеген медицина қызметкері.

Олар — қалалық және республикалық медицина ұйымдардың қызметкерлері. Олар негізінен коронавирус инфекциясын жұқтырған пациенттерді емдеумен және олардың ауруын анықтаумен айналысқан. Қазір бәрінің жағдайы жақсы, бәрі ауруханаға жатқызылды. Клиника хаттамасы бойынша емделіп жатыр, — Сәуле Қисықова брифингіде.