Жер жүзінің барлық тұрғынын зеріктіріп жіберген коронавирус күнделікті тұрмысымызды ғана емес, орта мектептің ондаған жыл бойы қалыптасқан өмірін де әбігерге салды. Қазақстан мұғалімдері, оқушылар мен ата-аналар бастапқыда карантиннің кездейсоқтығына таңғалса, қазір қашықтан оқыту жүйесіне бірден көшу талабынан есеңгіреп қалғаны жасырын емес.

«Адамдар бұл жағдайдан ешқандай соққы алмады деу» жақ ашпаумен тең. Не істеу керек? Мәселеден қалай құтылса болады? Қазір еліміздегі мектептердің басты проблемасы — осы. Мұғалімдер мен ата-аналардың басым көпшілігі балаларды онлайн, қашықтан қалай оқытатынын дұрыс түсінбей жатыр. Материалды қалай ұсыну керек, қалай бақылап, оқуға қалай ынталандыру қажет? Педагогтар бірнеше ай бұрын электрон оқулықтарды пайдалану ұсынысынан бас тартса, бүгінгі таңда олардың көбі жаңа құралдарды үйренуге мәжбүр.

Opiq.kz
Opiq.kz сайтының скриншоты

Қазақстанда электрон білім берудің бірнеше платформасы жұмыс істейді — электрон күнделік, үйде оқуға арналған материалы бар әртүрлі сайт бар. Олардың ішінде мұғалімдердің де, оқушылардың да пайдалануына ыңғайлысының бірі болып Оpiq.kz платформасы танылды. Себебі неде?

Оpiq.kz — Эстония және Қазақстан баспалары ынтымақтастығының жемісі. Эстония — Еуропалық одақта цифрландыру бойынша көшбасшы. Эстон педагогтары тәжірибесінде Opiq электрон оқулықтарын көптен бері пайдаланып келеді. Бүгінгі таңда эстон оқушылары Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің арасында білім беру рейтингтерінде ең үздік нәтиже көрсетіп жүр. Сонымен қатар Финляндия мен Сингапурда эстонның білім беру технологиялары енгізіліп жатыр.

Opiq электрон оқулықтары — нағыз мультимедиа-электрон кітаптар. Оларды пайдалану оп‑оңай — сайтқа кіріп, кез келген гаджетте жұмыс істей бер. Ең бастысы — мұндай оқулықтар барлығына: балаға да, ата‑анаға да, мұғалімге де жеңіл және түсінікті.

Оқулықтың мазмұны бағдарламаға толығымен сәйкес келеді. Тек сәл кеңейтілген — онда видеожазба, интерактив тапсырмалар бар. Бұл оқушыларға қатты ұнайды. Мысалы, Қазақстан тарихынан сабақ өтіп жатқан кезде тарихи фильмнен үзінді көруді немесе музыка сабағында операдан үзінді тыңдауды елестетіп көріңізші.

Мұғалімдер де пайдалы құралдар алады. Олар оқушылардың қайсысы үй тапсырмасын орындап жатқанын сол уақытта көре алады. Онлайн «дәптерлерді» тексеріп, әр оқушының ілгерілеу прогресін бақылайды.

Opiq.kz
Opiq.kz сайтының кітапханасы

Қазір Opiq‑тің Қазақстан нұсқасына қазақ және орыс тілдеріндегі 75 оқулық орналастырылған. Бұлар — бірнеше баспаның оқулықтары. Ал егер платформаға барлық баспаның оқулығын түгел жинақтасақ, Қазақстан оқушылары үшін нағыз цифрлық портфель жасалады. Бұл өте тиімді, өйткені баспаларға күрделі сайт жасауға ақы төлеп қажет емес. Мектептер де ыңғайлы құралды пайдаланады.

Оpiq сайтына тек тақырыптар емес, дәл осылай оқулықтардың орналастырылғаны өте маңызды. Өйткені педагогтардың да, оқушылардың да жұмыс істеуіне қолайлы, ата‑аналарға балаларының қалай оқып жатқанын бақылау да оңай болады.  Мысалы, күнделіктен баланың №3 параграфты жаттауы қажет екенін көрдіңіз. Оқулықтың үстінен шертсеңіз, параграф ашылады. Міне, енді тексеруге болады.

Кейінгі айларда белсенді пайдаланушылар базасы екі есе өсіп, қазір олардың саны миллионнан асты.

Өнім нашар болса, мұндай көрсеткішке қол жеткізер ме еді? Миллиондаған адам таңдап жатса, бұл — өнімнің сапасы жоғары деген сөз ғой. Солай емес пе?