Басты бетҚоғамАлматы тұрғындары...

Алматы тұрғындары дезинфекция жөнінде қайда хабарласуы керек?

Оның мәліметінше, қазір Алматы көшелері мен тұрғын үйлерін үш топ химия қоспасымен дезинфекциялап жатыр. Олар — әскери гарнизон, «Алматы тазалық» кәсіпорны және тұрғын үй саясаты басқармасының мердігер мекемесі.

Мысалы, әскери гарнизон натрий гипохлоритін қолданады. Жасалу әдісіне қарасақ, 10 литр натрий 1 200 литр сумен араластырылуы керек. Қазір қоршаған ортаға зияны тимесін деп 1 200 литр суға бір литр ғана натрий қосып жатырмыз. «Алматы тазалық» кәсіпорнының тобы мен біздің мердігер ұйымымыз да 10 литр суға бір «Дезитабс» таблеткасын қолданады. Бұл таблетканың да тұрғындарға зияны жоқ. Дезинфекциямен айналысатын басқа ұйымдар да қауіпсіздіктің 4-класына жататын құралдарды пайдаланады, — деді Ержан Сейтенов.

Қаланы дезинфекциялауға күн сайын 60 мың литр дезинфекция ерітіндісі кетеді. Бүгінге дейін 600 мың литр жұмсалды. Қала тұрғындары үйдегі дезинфекция жұмысына көңілі толмаса, 8 701 038 25 25 нөміріне телефон соғып, шағымдана алады.

Тұрғындар шағым айтқан соң оларға тікелей хабарласайық дедік. Әр үйдің кіреберісіне дезинфекцияға жауапты компания өкілдері туралы мәлімет ілінген. Осы хабарландыруға арнайы нөмірді де жазып қойдық. Тұрғындар осы нөмірге WhatsApp арқылы тұрғын үйдегі дезинфекция туралы фото, видео жібере алады. Тұрғын үй дұрыс тазаланбаған болса, қайта дезинфекциялаймыз, — деді Алматы тұрғын үй басқармасының басшысы.