Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда коронавирус...

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 20 науқастың халі нашар

Өткен бір тәулікте 78 жаңа жағдай тіркеліп, өсім деңгейі 13% болды. Тіркелген 78 науқастың екеуі Нұр-Сұлтанда, үшеуі Алматыда. Басқа өңірлерде 73 науқас анықталып, өсім 29% болды.

Ең үлкен өсім Қарағанды облысында (16), Ақмола облысында (19), Қызылорда облысында (13), Жамбыл облысында(12) байқалды.

Ең үлкен өсім өңірлерде байқалып отыр… Қазір науқастардың 20-сының жағдайы нашар. Жетеуі жасанды тынысалу аппаратымен жатыр. Кеше үш адам жағдайы жақсарғандықтан жасанды тынысалу аппаратынан ажыратылды. Жағдайы орташа 88 науқас бар. Жеңіл жағдайда 510 науқас жатыр. Ел бойынша байланыста болған 19 112 адам бар. Олардың 97%-і табылып, оқшауланды, — деді Елжан Біртанов.

Қазір коронавирус жұқтырғандардың саны 670-ке жетіп отыр. Аурудан 46 адам айықты. Алты адам қайтыс болды.