Коронавирус: жағдайы нашар науқастар қай өңірлерде?

Оның мәліметінше, 122 адам ауруды шетелден, 350 адам науқастармен байланыс жасап жұқтырған, 130 адамның вирусты қайдан жұқтырғаны белгісіз.

Науқастардың 85%-інің ауруы жеңіл, симптомсыз формада, 11,5%-і орташа ауыр жағдайда. 16 пациент ауыр жағдайда, олар Нұр-Сұлтанда, Алматыда, Шымкентте және Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында. Бүгінге дейін науқастармен байланыс жасаған 17 мыңнан астам адам анықталды, оның 10 мыңнан астамы үйдегі карантинде жатыр, — деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.

Айжан Есмағамбетованың айтуынша, елімізде енгізілген карантин режимі мен шектеу шаралары нәтиже беріп отыр. Нұр-Сұлтанда инфекцияның тіркелу өсімі 27 наурыздан бері тәулігіне 60 жағдайдан нөлге дейін (5 сәуірде), Алматыда 15-тен алтыға дейін азайған. Республика бойынша тіркелген жағдайлардың тәулігіне өсу көрсеткіші — 10-11%. Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Атырау облыстарында көрсеткіш жоғары, Бас мемлекеттік санитар дәрігер бұл өңірлерде карантин шараларын қатайту қажет деп отыр.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің 120-сына коронавирус жұқты