Басты бетЖаңалықтарКоронавируспен күрес:...

Коронавируспен күрес: Алматыда госпиталь салынып жатыр

Әкімдіктің мәліметінше, провизор госпиталь коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастармен байланыста болған және вирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен есепке алынған адамдарға арнап тез құрастырылатын конструкциялармен салынып жатыр. Коронавирус инфекциясының таралуын тоқтату мақсатында Президент жанынан құрылған төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия осындай нысан салу туралы шешім шығарған еді.

Мұндағы 280 орынның 28-і интенсив терапия бөлімшесі болады.

Мұндай госпитальдар бізге инфекция жұқтырғандарды дер кезінде анықтауға, оларды дереу оқшаулауға және науқастардың уақытылы әрі жүйелі ем-дом алуына мүмкндік береді. Сөйтіп біз қатерлі инфекцияның белең алуына жол бермей, қаладағы эпидемиология ахуалын тұрақты ұстап тұрамыз, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Алматы әкімі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевқа осы жобаны қолға алған компания өкілдерімен бірге госпитальға аса қажет құрал-жабдық алуды, мердігерлерге құрылысты сапалы әрі уақытында бітіруді тапсырды.