Биыл 2,2 миллион теңге жалған ақша тәркіленді

«Биыл жалған ақша жасау бойынша анықталған 102 қылмыстық істің нәтижесінде жалпы сомасы 2,2 млн. теңгені құрайтын жалған ақша алынды. Мысалы, осы жылы 29 маусымда Алматы қаласы бойынша МКД қызметкерлері 3 азаматты ұстады. Олардың көлігінен 46 дана жалған белгілері бар 2 000 теңгелік купюралар табылды. Дәл сол күні олардың бірінің үйін тінту кезінде 359 жалған ақша белгісі бар банкноттар, 2 000 теңге ақша белгісі бар қағаз парақтар мен жалған ақшаны дайындауға қолданылатын компьютер табылды», — дейді ҚР ҚМ МКД ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

Бұдан бөлек, 13 маусымда Алматы облысы бойынша МКД қызметкерлері Д.есімді азаматты 100 АҚШ доллары номиналындағы 15 жалған купюраны 100 000 теңгеге айырбастап жатқан жерінен ұстаған. Мемлекеттік орган қызметкерлері халыққа ақша алу кезінде абай болып, оның шын ақша екеніне көз жеткізулерін сұрады.

ДереккөзBnews.kz