Алматыда коронавирустан айыққандардың саны 19-ға жетті

Аурудан айыққандардың бесеуі — әйел адам, біреуі — ер адам. Екеуі 16 наурыз күні Ыстамбұлдан, екеуі 10 наурыз күні шетелден Мәскеу — Алматы бағытымен ұшып келген. Тағы біреуі 13 наурыз күні Берлиннен келсе, енді біреуі ауруды елдегі науқастардан жұқтырған.

Олар ауруханадан шыққан соң бірден 14 күн үйдегі карантинде болады.

4 сәуірде Алматыда коронавирустан жазылғандардың жалпы саны 19-ға жетті.

Қазір қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында «коронавирус инфекциясы» диагнозымен 91 науқас жатыр. Біреуі — Алматы облысының тұрғыны, әйел адам.

Провизоры бар орталықтарда 655 адам жатыр, 83-і — бала, 2 күндік карантинде 523 адам бар, ал үйдегі карантинде тағы 4 411 адам жатыр.