Басты бетҚоғамҚызылорда кәсіпкері...

Қызылорда кәсіпкері бизнеске жасалған қолдау туралы пікір білдірді

Қызылорда облысының жеке кәсіпкері Жазира Тынымбектің айтуынша, карантин режимі әсіресе оқушылармен жұмыс істейтін білім беру орталықтары үшін күрделі кезең болып тұр.

Президентіміз елдегі ахуалға түсіністікпен қарап, ауыртпалықты бастан өткеріп отырған барша халыққа үлкен қолдау көрсетілетінін жеткізді. Бұл қауіпті індеттің таралуы мемлекетіміздегі барлық шағын және орта бизнеске шығын келтіріп, ауыр соққы болды. Әсіресе, оқушылармен жұмыс істейтін білім беру орталықтары үшін күрделі кезең болып тұр. Өйткені індет таралғалы аймағымыздағы білім беру орындары мен мекемелер түгелдей жабылды. Карантин жарияланбай тұрып-ақ білім алушылар орталыққа келуін тоқтатты. Індет тарала берген сайын еліміздің дағдарысқа ұшырау қаупі де жоқ емес. Сондықтан Мемлекет басшысы дәл осы жағдайдың болмауы үшін барынша қолдау жасалатынын мәлімдеді. Сондықтан Президентімідің қолдауының арқасында барлығымыз бір үйдің баласындай бұл қиындықтан сүрінбей өтеміз деген ойдамын, — дейді кәсіпкер Жазира Тынымбек.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдемесінде әкімдіктерге жергілікті кәсіпорындардың өнімін кем дегенде 6 ай бойы кепілді сатып алу тәртібін жолға қоюын да тапсырды. Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге де қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, бюджеттен 70 миллиард теңге бөлінеді. Мемлекет басшысы көктемгі егіс науқаны үшін “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы арқылы қосымша 100 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Сонымен қатар Үкіметке жанармайдың нарықтық бағасын 15% арзандатып, 165 теңгеге дейін төмендету міндетін жүктеді. Осыны қамтамасыз ету үшін 390 мың тонна жанармай жеңілдікпен сатылады.