Басты бетЖаңалықтарҚазақстан аумағында...

Қазақстан аумағында коронавирус қалай тарап жатыр?

Оның мәліметінше, бүгінге дейін тіркелген жағдайлардың 70%-і — вирусты ел ішінде жұқтырғандар. Науқастармен байланыс жасағандар оны басқаларға жылдам таратады.

Бүгін біз науқастармен қарым-қатынаста болғандардың арасынан бір адамның 10 адамға дейін ауру жұқтыра алатынын көріп отырмыз. Бұл — біздің статистикамыз. Вирус өте жұқпалы. Бұл жағдайда карантин шараларын сақтау өте маңызды. Карантин шаралары елдің барлық өңірінде жарияланды. Ол ереже республика деңгейінде, әр облыс, әр аймақ, әр аудан, әр елді мекен деңгейінде, әр отбасында сақталуы керек, — деді Айжан Есмағамбетова онлайн брифингіде.

Бас мемлекеттік санитар дәрігердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанда және Алматыда ауруды бір науқас бірнеше адам жұқтырған. Ауруды ел ішінде жұқтыру оқиғалары көбейіп барады.

Құрметті азаматтар, үйде отырыңыздар. Үйден азық-түлік, дәрі, өмірге аса қажет заттарды алу үшін ғана шығуға болады. Үйден шығуға тура келгенде сақтанып, қорғаныш құралдарын қолдану керек, бетті, шырышты қабаттарды ұстамау керек, өзге адамдардан 2 метрдей алыс жүру керек. Ауру белгісі байқалған жағдайда дәрігерге бірден хабар беру керек. Карантин — әр адамның азаматтық жауапкершілігі, — деді онлайн брифинг спикері.

Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясын науқастардан жұқтырған медицина қызметкерлері туралы да айтты. Мұндай жағдайлар Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Қарағандыда тіркелген.