Басты бетҚоғамГүлшара Әбдіқалықова...

Гүлшара Әбдіқалықова Темірхан Кенжебаевты қабылдады

Қабылдауда Темірхан Кенжебаев аймақ басшысына корпорациясының жыл басынан бергі атқарған жұмыстары және жоспарлары туралы баяндады.

Темірхан Кенжебаевтың айтуынша, өңірде тұрақтандыру қорына қатысты бірқатар мәселе бар. Қазіргі таңда корпорацияның қоймаларындағы азық-түлік қоры — 2 880 тонна. Бұл облыс халқын толық қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Сондықтан бюджеттен қосымша қаржы қарастыру керек.

Бүгін бізге қосымша 500 тонна картоп, 134 тонна қант келе жатыр. Кеше ғана бір вагон қарақұмық келді. Қостанайдан 100 тонна макарон өнімі жіберілді. Келісімшарттарымыз бар. Ақша аударылса, қосымша азық-түлік жеткізіледі, – деді корпорация басшысы Темірхан Кенжебаев.

Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қаражат мәселесі шешілетінін айтты.