21.10-дағы мәлімет:
Коронавирус инфекциясын тағы бес адам жұқтырды: Қарағанды облысында бір адам, Алматыда екі адам, Солтүстік Қазақстан облысында екі адам.
Науқастардың жалпы саны 380-ге жетті.
Өңірлер бойынша статистика:
Нұр-Сұлтан — 184;
Алматы — 86;
Шымкент — 3;
Ақмола облысы — 19;
Ақтөбе облысы — 4;
Алматы облысы — 9;
Атырау облысы — 16;
Шығыс Қазақстан облысы — 2;
Жамбыл облысы — 3;
Батыс Қазақстан облысы — 2;
Қарағанды облысы – 15;
Қызылорда облысы — 25;
Маңғыстау облысы — 1;
Павлодар облысы — 1;
Солтүстік Қазақстан облысы — 5;
Түркістан облысы — 5.
Бүгінге дейін коронавирус инфекциясынан 26 адам айықты: Нұр-Сұлтанда 16, Алматыда 10 адам. Үш адам қайтыс болды.
18.40-тағы мәлімет:
Ақмола облысында үш науқас тіркелді. Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 375 болды.
16.50-дегі мәлімет:
Коронавирусты Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тағы үш адам жұқтырғаны мәлім болды. Республика бойынша науқастардың жалпы саны 372-ге жетті.
13.20-дағы мәлімет:
Алматыда екі пациент ауруханадан шықты, оның бірі — 2 жасар сәби. Аурудан айыққандар саны 26-ға жетті.
11.50-дегі мәлімет:
Қызылорда облысында алты адамнан коронавирус анықталды. Республика бойынша науқастар саны 369-ға дейін көбейді:
11.15-тегі мәлімет:
Коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тiркелдi: Алматыда екі адам, Нұр-Сұлтанда алты адам, Қарағанды облысында бір адам, Ақмола облысында алты адам.
⠀
Қарағанды облысындағы науқастардың арасынан бір адам қайтыс болды.
Республика бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны 363-ке жетті. Ауру салдарынан үш адам қайтыс болып отыр.
08.15-тегі мәлімет:
5 жаңа дерек тіркелді: Шымкентте бір, Түркістан облысында төрт адам ауру жұқтырған.
Республикада коронавирус жұқтырғаны анықталған адамдардың саны 348-ге жетті.
01.15-тегі мәлімет:
Атырау облысында үш адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Елімізде науқастар саны 343-ке жетті.
31 наурызда елімізде адамдардың коронавирус жұқтырғаны анықталған жағдайлардың жалпы саны 340 болды. Түркістан облысында бірінші науқас тіркелді.