Қарағанды облысында коронавирус жұққан адам қайтыс болды

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан бір адам көз жұмды, — деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін еліміздегі науқастардың арасынан екі адам қайтыс болған еді. Оның бірі — Нұр-Сұлтандағы ауруханада емделген Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны, екіншісі — 50 жастағы азамат, ол да Нұр-Сұлтанда емделді.

Қазіргі мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирус барлығы 363 адамнан анықталған.